10 Желт 2020
Страницы Соркөл ОМ

Біз туралы

Соркөл орта мектебі

 

директордың аты жөні

байланыс

телефоны 

ұялы телефоны электронды мекен - жайы

заңды мекен - жайы 

Қойайдарова Іңкәр Темірқызы

73-2-49

87058160236 87024575679 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Құмжарған е.м

  

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ОЙЫЛ АУДАНЫ СОРКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ

Мектеп ғимараты-2013 жылы тұрғызылды    Оқыту тілі – қазақша.

Мектеп директордың м.а – Қойайдарова Іңкәр Темірқызы

Меншік нысаны - мемлекеттік

Орналасу орны: Ақтөбе қаласы, Ойыл ауданы, Құмжарған ауылы Соркөл орта мектебі

Жалпы ауданы : 1521кв/м

Жобалық қуаты: 100 оқушылық орын.

Мектеп контингенті: 107 оқушыдан тұрады.

Бастауыш сынып оқушылары-59, 5-9 сынып оқушылары-35,10-11 сынып оқушылары-13

11 класс жиынтығы бар, солардың ішінде қазақ тілді оқыту кластары-11

Педагогикалық қызметкерлер-30 адам, оның ішінде 23 жоғары, 6 арнаулы орта,1 жалпы орта білімді. Жоғары санатты-3, бірінші санатты-6, екінші санатты-9. Санатсыздар-12

 Ғимаратта- 8 оқу кластары, 1 информатика кабинеті, 1 мультимедиялық кабинет, 1 интерактивті тақталы химия кабинеті, 2 технология кабинеттері бар.

Оның құрамында:

  • Спорт зал саны-1, ауданы 206,48 кв/м
  • Дәрігерлік пункт;
  • Кітапхана;
  • Асхана-32 орынға есептелген
  • Ғимарат ауласындағы спорт алаңы;
  1. Баскетбол алаңы
  2. Волейбол алаңы
  3. Ұзындыққа секіру алаңы
  4. Жүгіру алаңы
  5. Гимнастика алаңы
  6. Футбол алаңы

Жоспарлау:

  1. 110 оқушы қамтамасыз етілуі күтілуде;
  2. 11 класс жинағы есептеліп тұр

 

Соркөл орта мектебі 

Соркөл орта мектебі 1986 - 2017 түлектері

 

Мектеп жұмысын ұйымдастыру

«Соркөл орта мектебі» КММ өз қызметінде келесі қағидаларды басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметті іске асыру;
  • Заманауи өркендеуші мемлекетке, қазақстандық қоғамның игілігіне Соркөл орта мектебі» КММ қызметкерлері және педагогтары, оқушылар қызмет ету патриотизмі;
  • Физикалық күйге, әлеуметтік мәртебеге, азаматтыққа, жынысына, этникалық тиістілікке қарамастан барлығы үшін ашықтық және төзімділік;
  • Шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлік жағдайы, жынысы, нәсіліне, ұлтына, тіліне және басқа да жағдайларға қарамастан ұсынылған тең жағдайлардың теңдігі;
  • Инновациялық жаңа әдістер мен технологияларды қолдануға үнемі тырмысу, жаңа білімдерді және ақпаратты қолдану дайындығы;

 

Мектеп миссиясы: Оқытудың тиімді технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, білім сапасының тиімділігін арттыру


Жеке тұлғаға бағытталған оқыту- тиімді білім берудің негізі .

Оқушылар саны - 127

Мұғалімдер саны - 32

Мұғалімдер құрамының сапалық көрсеткіштері:

Жоғары санатты мұғалімдер саны - 4

Бірінші санатты мұғалімдер саны - 1

Екінші санатты мұғалімдер саны – 1

Педагог-зерттеуші – 3

Педагог – сарапшы – 8

Педагог-модератор - 5

 

Бейімді оқыту бағыты:

математикалық-жаратылыстану -10, 11 сынып

Материалдық-техникалық базасы

  • 2 компьютерлік кабинеті;
  • 1 интерактивтік тақта;
  • 2 панельді тақта
  • 3 видеопроектор
  • 1 лингафондық кабинеті;
  • Химия кабинеті зертханамен жабдықталған;
  • көркем еңбек қыз балалар кабинеті
  • көркем еңбек ұл балалар кабинеті
  • 1 спорт зал;
  • кітапхана
  • медициналық пункті;
  • асхана (32 орын) .

Сабақтан тыс жұмыстар:

  • Үйірмелер
  • Факультативтер
  • Спорттық секциялар

 

Мұғалімдер үшін 

Мұғалім мамандығына қойылатын негізгі талаптар

Қазақ халқының «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөзі бар. Олай болса оқушы жастарымыздың білімді, саналы болып шығуы үшін мектеп пен мұғалімдер ұжымына үлкен міндет жүктелері анық. 
Білім мен тәрбие беру – қиын да қастерлі еңбек. Бұл жолда мұғалімдерден талмай, тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуді, үйренуді асыл мұратына, биік парызына айналдырғанда ғана жете алатыны сөзсіз. Шебер мұғалімдер ғана зеректік пен зерделікті сомдап, рухани құндылықтарды, өз мамандығын терең меңгеріп, тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қабілетті, мәдениетті, өнегелі, заман талабын қанағаттандыра алатын жағдайда ғана халқының сеніміне ие болып «ұстаз - мұғалім» дәрежесіне көтеріле алады. 
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші оқушылардың қиялына қанат бітіріп, асыл армандарының орындалуына мүмкіндік туғызу ұстаздың борышы. Өзі үйрене алмаған өзгені үйрете алмайтыны анық. Қазақ халқында «Тоқтатпасаң оқытпа» деген сөзі ұстаз-мұғалім болуы үшін мұғалімнің кәсіби өсіп жетілуінің, талаптанудың арқасында ғана жететіндігін аңғартады. 
Мұғалім қызметінің табысты болуы, оның оқу және тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсінуге байланысты. Мұғалім оқушыларға саналы тәрбие жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, еңбек пен қоғамға деген сүйіспеншілігімен ынтасын тәрбиелейді.  Мұғалім оқушылардың жылдан-жылға өсіп отыратын талаптарын, қанағаттандырып отыру үшін, өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға, жаңалықтарға, өзгерістерге құлақ асып, өмірмен бірге аяғын алып жүретін адам болуға тиіс. 
Сондықтан мұғалім ЖОО нан алған білім көлемімен шектеліп қалуға болмайды. Бірақ мұғалім өндіргіш күштердің дамуына және халықтың материалдық игілігінің дамылсыз өсуіне әсер етеді. Ол қоғамның ең басты өндіргіш күштерін жеке адамды оқытып тәрбиелеп дамытатын және қалыптастыратын басты тұлға.  Базис, қондырма, өндіргіш күші, өндіріс қатынасы, материалдық өндіріс, идеялық өндіріс ұғымдарын еске алу қажет. 
Қоғамның өндіріс күштерінің өзгеруі, экономикаға көшу демократиялық бетбұрыс, мұғалім алдына үлкен міндеттер жүктейді, оқу ағарту саласындағы артта қалушылықты жою оқу-ағарту ісін бүтіндей қайта құруды талап етеді. Бұның бәрі мектеп арқылы іске асатыны белгілі, мұғалім мектептегі басты тұлға. Ол бұқаралық-саяси, мәдени-ағарту және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қабілеті мол, өз мамандығынан теориялық және тәжірибелік терең білімі бар адам. Мұғалімнің қоғамдық прогрестегі ролі, мамандығының әлеуметтік мәні осында.  Сонымен бірге мұғалімге кәсіптік педагогикалық талаптар да қойылады. Ең алдымен мұғалім терең білімді, өз Отанын шексіз сүйетін, оның дүние жүзі алдындағы беделін жете түсінетін, соған үлес қосатын білімдар адам.  Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінуінде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді. 
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар: 
- қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру; 
- жан-жақты білімдарлық өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болуы; 
- педагогикалық байланысты пәндерден – психологияны, ЖПП физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек; 
- оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білуі керек;                                                      . 
- жұмысына шығармашылық көзқарас;                                                     . 
- баланы жете білу, олардың жан дүниесін түсіну, педагогикалық сенім, оптимизм; 
- педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлей білу; 
- педагогтік әдептілікті тактіні меңгеру;                                         . 
- балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік                                                . 
Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі жеңілдіктер жасалып отыруы керек. Сонымен қатар мұғалімдер сапалы, құнды оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Мұғалімдерге көптеген қосымша жұмыс атқаруына тыйым салу, заңды түрде аптасына 2 күн демалыс берілуі тиіс. Мұғалім сонда ғана шәкірттерінің өз бетімен білім алуына ықпал етіп, ынталы оқушыға әрдайым ақыл-кеңес бере алады. 
 Қорыта айтқанда, саналы азаматтарға білім мен тәрбие беретін мұғалімдердің бүгінгі таңдағы алатын орны зор. Қазіргі білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер әр түрлі ынталы бастамалар мен түрлендіруге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесі және оның дамуы мен арнайы айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа салада ұйымдастыру, көтеру қажеттілігі туындап отыр. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл зерттеуші, өз ісінде қатып қалған қасаңдық пен жаттандықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. 
Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін мұғалімдер рухани тоқыраудан сақтанып көп ізденуі керек. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әрбір педагогтың алдында үлкен жауапкершілік тұр. 
Жалпы айтқанда, болашағын қамтамасыз ету әрбір мұғалімнің азаматтық рухани парызы мен борышы.

 

 

Оқушының негізгі міндеттері

  • Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті.
  • Мектепте оқуға, білім алуға, сабаққа кешікпеуге, сабақты себепсіз босатпауға міндетті.
  • Таза, ұқыпты киініп, сабаққа керекті құрал - жабдықтармен келуге міндетті.

- Сынып жетекшінің

- Пән мұғалімінің

- Кезекші мұғалімнің

- Кезекші әкімшіліктің

- Педагогикалық кеңестің

- Мектеп кеңесінің ауызша және жазбаша бұйрықтары мен нұсқауларын орындауға міндетті.

Оқушы мектепішілік оқу тәрбие ережесін орындауға тиіс:

- Ең бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті көрсетуге және күнделікті үй тапсырмасын жазуға

- Қоғамдық өмірге белсене араласып, өзін саналы түрде болашақ мамандық таңдауға дайындауға.

- Еңбек тәрбиесі бойынша тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақтауға

- Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерін оқып, білуге және сақтауға

- Мектептің қоғамдық-мәдени іс-шараларына, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына белсене қатысуға.

- Мектептің, өзінің және басқаның мүлкін сақтауға, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға.

- Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, ата-анасы бүлінген мүліктің орнын қалпына келтіруге;

- Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге, жоғалған немесе ұмытылып кеткен затты кезекші мұғалімге немесе әкімшілікке тапсыруға;

- Босатылған сабақтар үшін оқушы сынып жетекшіге анықтама немесе ата-анасынан ескертпе қағаз әкелуге;

- Салауатты өмір салтын сақтап, жүйелі түрде спортпен айналысып, шынық, өзіңді Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қызметіне дайындауға

- Өз еңбегіңді дұрыс ұйымдастырып, уақытыңды үнемді пайдалануға

- Қоғамдық орындар мен көшеде әдеп ережесін сақтауға

- Ата-ана, отбасы мүшелеріне құрмет көрсетіп, үй шаруасына көмектесуге.

- Ұстаздардың еңбегіне құрметпен қарауға. Мұғалімдердің, оқушылардың өзін өзі басқару ұйымының талаптарын белсенді қолдап, орындауға

- Мектеп формасын, Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақтауға.

 

Оқушының киіміне қойылатын талаптар

1. Оқушының денесі, сонымен қатар қолы, тісі, мұрыны, шашы таза болу керек және ұнамсыз иіс болмау керек.

2.Оқушылардың тырнақтары алынуы керек,

3.Оқушылар денесінде татуировка болмау керек.

4.Оқушыда таза орамал болу керек,

5.Оқушының сыртқы аяқ киімі таза болу керек.

6. Мектепке кіргеннен кейін оқушылар сыртқы киімдерін, бас киімдерін және аяқ киімдерін шешіп, екінші аяқ киімдерін киюлері керек.

7. Бекітілген үлгідегі мектеп формасын кию керек

8. Мектепте джинси үлгісіндегі костюмдерді киюге тыйым салынады.

9. Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.

10. Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.

11.Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін кие алады.

12. Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүрулері керек, бірақ өкшесі биік болмауы емес.

13.Оқушылар шорты, алды ашық жейделер, слансы, діни жазулары бар киімдермен жүруге болмайды

14.Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.

15. Еңбек сабағында оқушылар арнайы киімде болулары керек: ұлдарда халат, ал қыздарда фартук пен орамал.

16.АӘД сабағында арнайы форма болу керек.

17.Мектепте оқушыларға косметиканы қатты жағып және сәндік бұйымдарын тағуға тыйым салынады.

18.Мектепте әтір, иіс суын қолдануға болмайды.

19.Оқушыларға тырнақтарын бояуға, үстеме тырнақ жабыстыруға рұқсат етілмейді.

20.Қыздарға ұзын сырғалар тағуға болмайды.

21.Ұлдардың шашы классикалық қысқа, ал қыздардың шашы жинақы болу керек


Оқушы мәдениеттілігі

- Оқушы үлкен адамдарды көргенде тоқтап, амандасуы керек.

- Жоғарғы сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларына көмектесулері керек.

- Оқушылар үлкен адамдарға жол беріп, кішкентай оқушыларды алдымен жіберулері керек және де ұлдар қыздарға жол берулері керек.

- Оқушылар бір- бірімен, мұғалімдермен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болулары керек.

- Оқушылар бір-бірін атымен атап, үлкен адамдардың тегін атап «сіз» деп және бөтен адамдарға да «сіз» деп сөйлесулері керек.

- Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек.

- Күш қолдану адамның ар-намысын қорлайды, сондықтан мектепте төбелесуге қатаң түрде тыйым салынады.

- Оқушыларға: сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайды;

-Мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынады.

- Мектепте: оқушылардың өміріне және денсаулығына қауіпті болғандықтан, терезенің алдына мінуге, шкафтардың үстіне шығуға, баспалдақтың таянышымен сырғанақ тебуге, басқа оқушыларды итеруге; мектептегі шаруашылық бөлмелерінің есігін ашып-кіруге; электрлік шкафтарды ашуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;


Мектеп
 асханасында оқушылардың тәртібі

- Мектеп асханасын үзіліс кезінде бекітілген кесте бойынша қолдану керек

Асханада болғанда оқушылардың міндеті:

- «Асханада өзін ұстау нұсқаунамасына сәйкес» өздерін ұстау білулері

- Сыртқы киіммен асханаға кіруге болмайды

- Ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары қажет

- Асханадан алған тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек.

- Мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынулары керек

- Тамақты кезекпен алады

- Тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды

- Асхана мүлігін сындырмайды

- Асхана заттарын сыртқа алып шығуға тыйым салынады

 
Оқушының моральдік кодексі

- Жалпыбілімдік ғылымның негіздерін білуге талпынуы керек

- Әр уақытта әділ болу керек

- Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеу

- Адамдарды ренжітпеуге және жамандық жасамауға тиіс

- Мейірімді болу керек

- Басқаларға түсінушілікпен қарау керек

- Жасаған қылықтарына жауап беру

- Уәдеде тұру егер серт берсең

- Басқаларды оның біліміне, нәсілдігіне байланысты бөлмеу

- Боқтамау

- Қорқыту, қорлау сияқты мінездерін қолданбауға

- Өз күшіңді басқаларға жұмсамауға

-  Сараң, қызғаншықтық қасиеттерінің болмауы

- Басқаларға жасаған қылықтарын жеткізіп отырмау

-  Басқаның істегенін иемденбеу

-  Үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту


Кезекшінің мектептегі міндет
тері:

- Кезекші сынып кезекші мұғаліммен бірге оқушыларды қарсы алады

- Оқушылардың өз міндеттерін қалай орындайтынын бақылайды

- Үзіліс кезінде оқушылардың тәртібін бақылайды

- Ұмытып кеткен затты кезекші әкімшілікке тапсырады

- Кезекші оқушылардың бағалы заттардың жоғалуына жауап бермейді (ұялы, телефон, құнды заттар, ақша);

- Мектептегі тәртіп пен тазалыққа жауап береді

- Мектептің мүлкін сақтауды бақылайды

- Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орнына келтіру керек;

- Кезекшіліктің соңында кезекші мұғалімге тапсыру керек

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар