Құрметті, сайт қолданушылары!
Көкжиегімізде көрініп тұрған нұрлы болашағымызға жетудің жақсы нышандары қоғам тіршілігінің әр түрлі саласынан көрініс табуда. Солардың бірі- әлеуметтік орны мен салмағы жағынан ерекше болып табылатын білім беру жүйесі.
Білім – тоқтаусыз, толассыз үрдіс. Білім берудің жалпы мақсаты Қазақстандағы жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделу болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың білім беру саласына қойған басым міндеттері: жалпы білім беретін мектептерде парасатты, дені сау және рухани дамыған Қазақстан азаматын қалыптастыру, білім алуда осы құндылықтардың қажетін қанағаттандыру, тез өзгермелі даму жолында еліміздің экономикалық әл-ауқатын жетілдіруге үлес қоса алатын, бәсекеге қабілетті адами капитал тәрбиелеу.
Мемлекеттік дамудың жаңа қазақстандық жолын айқындап берген Елбасының қазіргі заманғы мемлекет құрудың 5 институционалды бағыттарын айқындаған «100 нақты қадамындағы» 76-қадам- ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру тапсырмасы бойынша жүйелі жұмыс түрі ұйымдастырылуда.
Соркөл орта мектебінің ұстаздары үшін қойылған міндеттерді шешу барысында шәкірттерге сапалы білім мен өнегелі тәрбие берумен қатар, тұлға ретінде ой-өрісін дамыту үшін ең маңызды қадам - білім беру үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қарқынды игеру және белсенді енгізу болмақ. Мектеп ұжымының басты бағыты - уақыт талабына сай оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасап, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Біздің сайт қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында құнды білім мен білік дағдыларын игеруге септігін тигізіп, ашық қарым-қатынас жасауда жәрдемін тигізеді деп үміттенеміз .
Мектеп директоры Койайдаров Сагындык Темирович