10 Желт 2020
Страницы Соркөл ОМ

Мектеп өмірінен

Соркөл орта мектебінің шежіресі

1.Кеңес одағы кезінде Құмжарған елді мекені "30 жылдық Қазақстан " атанып үлкен колхоз ауылы болған. Мектеп ғимараты 1960-1963 жылдары аралығында колхоз кеңсесінің орыны,1964 жылы мектепке берілген. Соркөл сегіз жылдық мектебі болып ашылған. Сол жылдары мектепте төмендегі мұғалімдер жұмыс жасаған:

Оспанов Күмісқали

Тәжіғалиев Таупиық

Шегетаев Қуандық

Қазыбаев Қайырғали

1968 жылы балалар санының азаяуына байланысты бастауыш мектеп болған.

1972 жылы оқушы санымен толығып, "Социалистік Еңбек Ері" атанған атақты шопан Қуаныш Ержанов атамыздың араласуымен мектеп қайтадан сегізжылдық

мектеп болып ашылды. Бұл жылдары Мұханбетқали Қосанов, Ғабидолла Жәр-демғалиев, Бисенғалиева Қымбат, Ермағамбетов Жұмабек,Бисекенова Сәуле т.б. мұғалімдер дәріс берді.

1990-1995 жылдар арасында мектеп орта мектеп болды, кейін балалар санының азаяуына байланысты 1995 жылдан 2011-2012 оқу жылдары арасында негізгі мектеп қызыметін атқарды. 2012-2013 оқу жылынан орта мектеп болды.

Мектеп ашылған кезеңнен бергі уақытта мектеп директоры болып жасаған ұстаздар:

  1. Оспанов Күмісқали- сегіз жылдық мектеп ,1964 жыл.
  2. Шегетаев Қуандық -сегіз жылдық мектеп ,1965-1968 жылдары.
  3. Қосанов Мұхамбетқали - бастауыш мектеп ,1968-1972 жылдары.
  4. Жәрдемғалиев Ғабидолла - сегіз жылдық мектеп, 1972-1986 жылдары.
  5. Жабасов Мақсұт Бақытжанұлы - негізгі мектеп 1986 жылдан- 2012 жыл,

2013-2016 жылдар аралығанда орта мектепті басқарды.

  1. Нұрғазин Доскей Аманғалиұлы- орта мектеп ,2016 жылдың тамызынан.

2013 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп жаңа типтік ғимаратқа көшірілді. Сыйымдылығы 100 балалық. "Мектеп кеме-білім теңіз" деген қанатты сөз қоғамымызда дәл суреттелген. "Ғарышқа ғарышкерлер мектептен ұшады"деген сөзде көп мағына жатыр. Бұл дегеніңіз, кім болса да өз өмірін мектеп партасынан бастайды дегенді білдіреді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев "Бәрі де мектептен басталады"-деп ел өмірінде мектептің алатын орнын жоғары бағалауда. Жасұрпаққа жақсы тәрбие, терең білім беру жолында ынтымақты еңбек етіп келе жатқан, осынау білім теңізінде хал қадірінше жүзіп келе жатқан мектептердің бірегейіміз десек жаңылыс айтпаған болар едік.

Осы мақсатқа толық жеткізудің кепілі ретінде мектептің материалдық бағасы талапқа сай келеді. Мектеп ғылыми негіздермен беретін пән кабинеттерімен толық жабдықталған. Заман талабына сай жаңа үлгідегі компьютер сыныбы жабдықталған, лингофон кабинеті бар. Компьютер толық интернет желісіне қосылып, оқушылардың жан-жақты білім алуларына мүмкіндік туғызылған. Жаңа үлгі және интерактивті тақтамен жабдықталған химия және қазақ тілі,тарих кабинеттері т.б бірнеше жоғары деңгейде безендірілген пән бөлмелері, психолог кабинеті жұмыс істейді.

Жоғары оқу орнын бітіріп , мұғалім болып жұмыс жасаған және жасап жатқан мектеп түлектері:

  1. Жалғасбаева Бижамал- бастауыш сынып
  2. Әбдірова Лариса -математика және физика
  3. Базарбаева Әлия – кітапханашы
  4. Құлниязов Мұратбек-тарих
  5. Ертемірова Зияда - бастауыш сынып мұғалімі
  6. Қойайдаров Сағындық -тарих
  7. Шегетаева Ақзия -қазақ тілі мен әдебиеті
  8. Қожекенова Гүлназ- қазақ тілі мен әдебиеті
  9. Әбілов Әнет -бейнелеу өнері
  10. Жұбаева Венера -биология
  11. Шегетаев Тимур - дене шынықтыру
  12. Симұханов Манарбек - дене шынықтыру
  13. Меңдібаева Гүлбану- бастауыш сынып
  14. Ақөтенова Шынар - бастауыш сынып
  15. Дүйсенова Гүлнұр - қазақ тілі мен әдебиеті
  16. Дошаева Тұрсынай - бастауыш сынып
  17. Досбаева  Инжу-ағылшын тілі

2016-2017 оқу жылында «Алтын белгі» ерекше белгісінің иегері атанған

Темірова Құндызай Сағындыққызы

1.Халықаралық «Русский медвежонок» ойын конкурсы ІІ дәрежелі диплом.

2.Облыстық «Абайды оқы, ерінбе...» сайысы І дәрежелі диплом.

3.Облыстық «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы ақын» білім байқауы ІІ орын.

4.Халықаралық «Русский медвежонок» ойын конкурсы І дәрежелі диплом.

5.Облыстық сырттай оқу (химия) грамота

6.Облыстық «Мен қазақстандықпын»шығарма байқауы ІІІ орын.

7.«Русский знаток литературы» ІІІ орын.

8.Облыстық қол өнер көрмесі І орын

9.Облыстық «Менің туған өлкем»интеллектуалдық ойын байқауы ІІІ орын

10.Аудандық пәндік олимпиада (химия) ІІ орын


Негізгі мектеп бойынша "Үздік куәлік" алғандар:

  1. Жалғасбаев Бөкенбай Әміржанұлы
  2. Қойайдарова Жаңылсын Темірқызы
  3. Темірова Жұлдызай Сағындыққызы
  4. Әміржанов Дулат Талғатұлы
  5. Теміров Миржан Сағынтайұлы
  6. Құмарова Айдана Саясатқызы
  7. Темірова Құндызай Сағындыққызы

 

Облыстық пән олипиадасының жеңімпаздары:

1.Теміров Есет Сағындықұлы-қазақ тілі мен әдебиеті 3орын, мұғалімі Шегетаева А.

"Бастау"математикалық олимпиадасы 2 орын, мұғалімі Меңдібаева Гүлбану

2.Темірова Құндызай Сағындыққызы-«Мен қазақстандықпын»шығарма байқауы

 3 орын,

3.Еламанова Алтынай Жарылғасынқызы-«Мен қазақстандықпын»шығарма байқауы 1орын,

 

Республикалық интеллектуалдық ойын байқауларының жеңімпаздары:

  1. Досбаева Манаргүл -3 орын ,"Кенгуру-математика баршаға"
  2. Досбаева Асыл - 1 орын , "Кенгуру-математика баршаға"
  3. Темірова Құндызай - 1 орын "Русский медвежонок-языкознание для всех"

 

"Ойыл өңірінің жұлдыздары" жинағына енген оқушылар:

  1. Теміров Есет Сағындықұлы
  2. Темірова Құндызай Сағындыққызы
  3. Құттығалиева Қызғалдақ Болатқызы

Жабасов Мақсұт Бақытжанұлы

(МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ)

1952 жылы 5-қазанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Құмсай ауылында дүниеге келген. Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін бітірді. 1969-1986 жылдар аралығында Ш.Берсиев атындағы орта мектепте география пәнінің мұғалімі және оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1986-2016 жылдар аралығында 30 жыл Соркөл орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарып, зейнеткерлік демалысқа шықты.Жұмыста өте талапшыл,өз ісін ұқыпты ,ыждағаттылықпен орындайтын білгір басшы ретінде көрінді. Жұмыс жасаған уақытта төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді. Аудан әкімінің Алғыс хаты, Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы, Округтік «Үздік білім қызметкері» номинациясы, Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, Аудан әкімінің сыйлығы, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы.


 

Қойайдарова Іңкәр Темірқызы Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Жоғары санатты, химия, биология пәндерінің мұғалімі.

1960 жылы 16-маусымда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қуырдақты ауылында дүниеге келген. Ақтөбе қаласындағы педагогикалық институтын бітіріп, химия және биология мамандығын алған. 1984 жылдан Соркөл орта мектебінде химия және биология пәндерінің мұғалімі,1989 жылдан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Жұмыс жасаған кездерінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

2015 жылы – Облыстық "Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері

кәсіптік одағының"Құрмет грамотасы,

2015 жылы – Облыстық “Инновация – 2015” байқауы ІІІ дәрежелі диплом,

2014 жылы – Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы

2013 жылы – Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы,

2013 жылы – Облыстық педагогикалық олимпиада (химия) ІІІ дәрежелі диплом

2012 жылы – Облыстық педогогикалық олимпиада (химия) ІІ дәрежелі диплом,

2012 жылы – Химия пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасы І орын,

2011 жылы – ҚР Президентінің Алғыс хаты,

2011 жылы – Химия пәнінен облыстық сырттай олимпиада Мақтау қағазы

2011 жылы – Аудандық Құрмет грамотасы,

2010 жылы – “Үздік мұғалім – 2010” грантының иегері,

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар